Қазақстанда педагог даярлайтын ЖОО-лар азайды

Zakon.kz
Академиялық дербестік беріліп, түлектерді сертификаттау жүйесі енгізілді.

Педагогтерді даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін қысқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы педагогикалық бағыттар бойынша лицензияға 138 қосымша қайтарылды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы болашақ педагогтерді даярлау сапасын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын, деп еске салады ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Соңғы екі жылдың ішінде министрлік жоғары оқу орындарына білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін түрлі мүмкіндіктер жасады. Мәселен, биыл қыркүйек айынан бастап жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы жоғарылап, жұмыс істеп жүрген және тәжірибесі мол мамандарды барынша жұмысқа тартуға заң жүзінде рұқсат етілді. Сонымен қатар жыл басынан бері ҚР БҒМ еңбек нарығының заманауи сұраныстарына бейімделген 300-ден астам білім беру бағдарламасын әзірледі. Академиялық дербестік беріліп, түлектерді сертификаттау жүйесі енгізілді.

"Болашақта балалармен жұмыс істейтін педагогтердің біліктілік мәселесі біз үшін өте маңызды. Мектептердегі оқушыларды өз ісін жақсы көретін мамандар оқытуы керек. Сондықтан бұл мәселеде педагогтерді даярлайтын жоғары оқу орындарының санына емес, олардың жұмыс сапасына баса назар аударған жөн. Ымыраға келу деген болмайды. Елімізде болашақ мұғалімдерді сапалы даярлайтын жоғары оқу орындары бар. Алайда, кейбір университеттердегі тексеру нәтижелері көңіл көншітпейді және университеттердің барлығы бірдей талаптарға сәйкес келе бермейтінін көрсетеді. Министрлік білім беру қызметтерінің сапасын сәйкестендіруге уақыт береді. Егер жоғары оқу орны сапаны жақсарту бойынша жұмыс жүргізбесе, біз қатаң шаралар қабылдаймыз. Атап айтсақ, лицензиядан айырамыз. Мысалы, қазіргі таңда елімізде педагогтерді дайындайтын жоғары оқу орындары аз. Есесіне педагогтерді бәсекеге қабілетті университеттер дайындайды. Уақыт өте келе бұл оң нәтиже береді", — деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады