Ақтаулық оқушы мен мұғалім «Антивирус» терминалын ойлап тапты

Сурет: Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Құрылғы Ақтаудағы Ф.Оңғарсынова атындағы №29 мектепке сынақтан өткізіліп жатыр

Ақтаудағы Ф.Оңғарсынова атындағы №29 орта мектептің көркем еңбек пәні және робототехника үйірмесінің мұғалімі Марат Атаназаров оқушысы Жасұлан Шаңытбаймен бірге «Антивирус терминал» құрылғысын ойлап тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Антивирус" терминалы ең алдымен, адамның дене қызуын өлшеп, қолды автоматты түрде ультрадыбыстық датчик арқылы залалсыздандырады. Арнайы тетіктер арқылы терминалдан бетперде алуға болады әрі оған «Ashyk» қосымшасы да орнатылыпты.

 

Қазіргі таңда белең алған коронавирус пандемиясынан құтылудың бірден бір жолы – бетперде тағып, қолымызды антисептикпен залалсыздандырып, адамдармен қарым-қатынасты азайту деп дәрігерлер ескертіп жатыр. Осындай терминал  барлық білім ошақтары мен балабақшаларға, қоғамдық орындарға орнатылса, індеттен тезірек арылуға аз да болса септігін тигізеді деп сенемін.  Марат Атаназаров

Терминал адам көп шоғырланатын орындарға қоюға арналған. Басты артықшылығы – автоматтандырылғандығы. Құрылғыны қашықтан бақылап, күтіп-ұстау мақсатында арнайы бейнекамера орнатылған.

Сурет: Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Өнертапқыштар жуырда өткен «Дарын» ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінен 1-орын иеленіп, республикалық кезеңіне жолдама алыпты.

Тәуелсіздікке 30 жыл
Қазақстан
Ақтау
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты