Бірінші сынып оқушысын шапалақпен тартып жіберген педагогтың ісі қайта қаралады

Сурет: Zakon.kz
Мектеп дәлізінде оқушысы қызды бетінен шапалақпен тартып жіберген адамның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Зардап шеккен қыздың ата-анасы агрессия көрсеткен мұғалімге қатысты қолданылған жазаны қайта қарауды талап етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 12 сәуірде Түпқараған ауданының Ақшұқыр мектеп-гимназиясында орын алған.

Түпқараған аудандық білім бөлімінің 12 сәуірдегі бұйрығы бойынша Ақшұқыр мектеп-гимназиясының мұғаліміне "қатаң сөгіс" жарияланды. 14 сәуірде жоғарыда көрсетілген бұйрық негізінде педагог өз еркімен жұмыстан шығарылды. Маңғыстау облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Сонымен қатар, мектеп-гимназия директоры "ескерту" түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта ата-ананың бұл шешіммен келіспеуіне байланысты мәселе қайта қаралып, тиісті шаралар қабылданатын болады. Маңғыстау облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Айта кету керек, баланың ата-анасы жұмыстан кеткен мұғалімді оқытушылық қызметпен айналысу құқығынан айыруды және болашақта білім саласына жолатпауды талап етеді.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды