Лингвистикадан өткен олимпиадада Қазақстан алғаш рет бірден 2 медаль жеңіп алды

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстандық оқушылар Мэн аралында өткен жарыстан 2 қола медальмен оралды. Осылайша жас лингвистер былтырғы көрсеткішті жақсартты. Өткен жылы оқушыларымыз 1 қола медаль жеңіп алған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лингвистикадан IOL-2022 халықаралық олимпиадасы Мэн аралында (Ұлыбритания) 25-31 шілде аралығында өтті. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оған әлемнің 36 елінен 200 оқушы қатысқанын хабарлаған еді. Қазақстанның намысын Нұр-Сұлтан, Павлодар және Тараз қалаларынан 4 оқушы қорғады. Олардың барлығы –республикалық олимпиадалардың жеңімпазы мен жүлдегері.

Биыл оқушыларымыз рекордын жаңартып, үздік нәтижесімен қуантып жатыр. Лингвистикадан өткен олимпиадада Қазақстан алғаш рет бірден 2 медаль жеңіп алды. Аида Дәулетова мен Дарья Пересыпкина – еліміздің мақтаныштары, басқа балаларға жарқын үлгі. Енді оқушыларымыздың жоғары жетістіктері де лайық бағаланады. Себебі президенттің қолдауының арқасында алғаш рет қомақты ақшалай сыйақы беріледі, – деді Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.

Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4,5 млн теңге), күміс медаль үшін – 1 000 АЕК (3,1 млн теңге), қола медаль үшін – 500 АЕК (1,5 млн теңге) көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Оқушыларды жарысқа дайындаған ұстаздар да төлемақы алады.

Тәлімгеріме, мектебімізге, ұстаздарыма, достарыма, ата-анама және Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» орталығына алғысымды білдіргім келеді. Себебі олардың қолдауынсыз бұл олимпиадаға қатысу мүмкін емес еді, – деді қола жүлдегер Дарья Пересыпкина.

Дарья осы олимпиададағы екінші медалін иеленгенін айта кетейік. Ол өзінің алғашқы қола жүлдесін 2021 жылы жеңіп алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды