Ақтөбелік оқушы Ахмет Байтұрсыновтың 40 мысалынан комикс жасап шығарды

Сурет: pixabay
Ақтөбеде Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Нұршат Жұбаныш Ахмет Байтұрсыновтың 40 мысалдарына комикс жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбелік Нұршат Жұбаныш Ахмет Байтұрсыновтың "40 мысал" жинағына жаңа дем берді. Әзірге бұл комиксте жазушының тек жеті шығармасы бар. Ал болашақта оқушы қырық мысалдың барлығын комикске көшіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Биыл Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы. Сондықтан біз оның мысалдарын интерплитациялау арқылы қазақ әдебиетін өзіміз секілді жасөспірімдердің арасында дамытып, оқуға ынтасын туғызғымыз келді. Сонымен қатар қазір комикстер - өте жақсы дамып келе жатқан кітап түрі. Жасөспірімдер көп оқиды. 10-сынып оқушысы Нұршат Жұбаныш

Комикс арқылы кітап оқуға қызығушылық туғызу керек деген ойды Нұршат жетекшісіне айтқан. Расымен де, жастар кітап түріндегі және электронды нұсқадағы комикстерді ерекше ықыласпен қабылдады.

Қазіргі жастардың ерекшелігі көп көлемді жазулы кітаптарды оқуға қызықпайды. Себебі бұл - замана ерекшелігі олардың зейіні тұрақсыздау. Тез жалығып кетеді. Сондықтан сурет, комикс арқылы қызықтыру өзекті деп ойлаймын. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Рабиға Толғанақова
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты