Елордалық студенттер оқу орнының төбесінен су ағып, тарақандар жорғалайтынын айтты

Сурет: unsplash
Шатырдан су ағады, тарақан жорғалайды: Қазақ ұлттық өнер университетінің "Шабыт" (ҚазҰӨУ) студенттері оқу орнындағы антисанитарлық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақылы негізде оқитын студенттердің бірінің айтуынша, "қар ерігенде немесе жаңбыр жауғанда ғимарат төбесінен су тамшылап тұрады". Осыған байланысты бүкіл залға шелек қоюға тура келеді. Видео ZTB.KZ Telegram-арнасында жарияланған.

Тағы бір студент ғимаратта тарақандардың жорғалап жүретінін айтты. Тарақан әсіресе дәретханада көп. Сонымен қатар ол "дәретхана лас, қағаз, сабын жоқ" деп қосты.

ҚазҰУ баспасөз қызметі жарияланған видеоға қатысты түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желіде жарияланған видеолар мен фотолар былтыр жөндеу жұмысы кезінде, төбе мен қабырғаларды жөндеген кезде түсірілген", - дейді университет өкілдері.

Университет оқу корпустарының барлық ғимаратына жыл сайын жөндеу жүргізілетіні айтылды. Сонымен қатар ҚАЗҰӨУ күрделі жөндеуге өтініш берген.

"Бұл ретте білім ошағында айына екі рет дезинфекция және дезинсекция жүргізіледі. Ол үшін сервис компаниясымен келісімшарт жасалды. Ал гигиеналық құралдарға қатысты мәселе шешілді".ҚАЗҰӨУ баспасөз қызметі

Қазір тазалық қызметін жақсарту үшін тендер өткізіліп жатыр деп қорытындылады университет.

2023 жылдың 6 қаңтарында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев университеттегі білім бағасының көтерілетінін жоққа шығармайтынын айтты.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді