Numbeo сайтының дерегінше, еліміздегі ластану индексі 73,4 болды. Түсіндіру үшін: Индекс неғұрлым үлкен болса, жағдай да соғұрлым нашар деген сөз.
Ластану деңгейі бойынша алда тұрған ел — Финляндия. Бұл елдегі ластану индексі небәрі — 12,1.
Ең қатты ластанған елдер рейтингін Камерун, Моңғолия және Мьянма бастап тұр. Рейтингке қатысқан ТМД елдерінің арасында Әзірбайжандағы жағдай Қазақстанға қарағанда нашар. Ал біздің елден жақсырақ нәтиже Молдовада, Украинада, Ресейде, Арменияда және Беларусьте.
Ал Energyprom.kz-тің зерттеуінше, экологиялық капиталды инвестициялау бір жылда 4%-ға ғана өскен.
2021 жылдың қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күрделі салымдар 4,3%-ға өсіп, 163,9 миллиард теңге болды. 2020 жылы салынған инвестиция 157,1 млрд теңге болған еді.
Экологиялық капиталды инвестициялауда қаржының ең көп көлемі Жамбыл облысына салынған. Мұнда жылына 52,8 млрд теңге салынып, инвестиция бір жыл бұрынғыдан 4 есеге артқан.
Үздік үштікке Нұр-Cұлтан, Ақтөбе облысы да кірді. ТОП-5 аймаққа Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары да енді.
Сонымен қатар күрделі салымдардың ең аз көлемі Алматы облысында тіркелді: 579,6 млн теңге. Ал Солтүстік Қазақстан облысында 2021 жылы бұл салаға инвестиция құйылған жоқ.