Қазақстандағы ауасы ең лас қалалар аталды

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, кейінгі 5 жылда Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында ауаның ластануының тұрақты жоғары деңгейі байқалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада ауа әсіресе жылдың суық мезгілінде ластанады. Қыста жылу электр станциялары мен жеке сектордың жылуынан шыққан түтін мен көліктерден шығатын газ ластануды күшейтеді.

Қарағандыда да жағдай осыған ұқсас: атмосфераның ластануына негізгі әсер - жылу электр станциялары мен жеке сектордағы жылу шығарындысы. Оған өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындысы да қосылады.

Теміртауда ластану кез келген маусымға тән. Лас ауа қаланың өнеркәсіптік және металлургиялық кәсіпорындарынан, сонымен бірге жылу электр стансалары мен жеке сектордағы жылудан шығарылатын заттардан түзіледі, деп жазады Ranking.kz.

Ластанудың жоғары деңгейі Ақтау, Алматы, Жезқазған, Қостанай, Түркістан, Петропавл және Өскемен сияқты қалаларда байқалады.

Алматы тұрғындарына 30 қаңтарда қалада ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы болжанғаны ескертілді. Ауадағы азот диоксидінің деңгейі шекті рұқсат етілген концентрациядан 2,6 есе артады.

Қазақстан
Қарағанды
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі