Алматы тұрғындары демалыс күндері жеңілдікпен азық-түлікті қайдан сатып ала алады

Ярмарка, базар, рынок, торговля, продукты питания, фрукты, овощи, яйца, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 11:47 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қала тұрғындарына жағымды жаңалық жеткізді. Ведомствоның мәліметінше, Абай облысының фермерлері Алматыға 100 тоннадан астам азық-түлікті төмендетілген бағамен әкеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 2026 жылғы 7-8 қараша күндері Шевченко көшесінде, Пушкин және Қонаев көшелерінің арасындағы учаскеде өтеді.

"Тұрғындар 20-ға жуық азық-түлік түрін нарықтағы орташа бағадан 8-20%-ға төмен бағамен сатып ала алады. Өнімдер делдалдардың үстемеақысынсыз, тікелей өндірушілерден сатылады", – деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін ультраөңделген ет өнімдерін жиі тұтыну және ет тағамдарын дұрыс дайындамау денсаулыққа елеулі зиян келтіруі мүмкін екенін жазған болатынбыз. Шұжық, бекон және күйіп кеткен ет қабығының зияны туралы нутрициолог әрі превентивті диетолог Виктория Кострова ескерткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: