Лира құнсызданып, арзан тауар алу үшін жұрт Түркияға лап қойды

Сурет: pixabay
Түрік лирасы тағы 7 пайызға құнсызданып, бір доллардың құны 15 лираға жетті. Қазір жергілікті халық әлеуметтік нан үшін дүкен алдында ұзын-сонар кезекте тұр, деп хабарлайды Zakon.kz

Халық ұлттық валюта бағамының бұлай құлдилауы Түркиядағы негізгі азық-түлік тауарлары бағасының бұрын-соңды болмаған өсіміне әкеліп соқтыруы мүмкін деп қорқады. Әлеуметтік желілерде арзан нан үшін ұзын-сонар кезектегі адамдардың жарияланған видеосы көбейіп келеді, арзан нан бағасын қала билігі субсидиялайды.

"Халықтық нан" (halk ekmek) көше сөрелерінде 1,25 лираға сатылып жатыр, ал қарапайым дүкендерде нан әлдеқайда қымбат (2,5-3,5 лира).

Түрік ақшасы күннен күнге құнсызданып барады. Осы сәтті пайдаланып, елге туристер ағыла бастады. Олардың дені арзан тауар алуға келгендер. Мысалға ел іргесіндегі Болгария мен Грекиядан келгендер киім-кешек пен тұрмыстық техниканы молынан сатып алып жатыр. Олар тіпті Эдирне қаласына жету үшін 20 шақырым жерді жаяу жүріп өтеді, делінеді Хабар-24 ақпаратында.

Қазір Түркияның ұлттық валютасы 1 долларға шаққанда 16 лираға дейін құлдырады. Сол себепті бұл елге келгендер керегін арзанға оңай тауып алады. Таяуда Ыстамбұл биржасы саудасын тоқтатты. Ал елдің орталық банкі интер-венция жүргізгенмен, лираның құлдырауына тосқауыл қоя алмай отыр.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел