КҚК жұмысын тоқтатқан жылжымалы екі айлақ қондырғысының бірі іске қосылды

Теңізге шығатын айлақ жабдығы өз жұмысына кірісті, қазақстандық мұнай алғашқы танкерге тиеліп, жөнелтілгелі жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) қолданыстан шығып қалған қос жылжымалы айлақ қондырғысының бірі қайтадан іске қосылды, мердігер компания енді екіншісіндегі ақауларды жоюға кірісіп кетті. Бұл туралы 12 қарашада КҚК бас директоры Николай Горбан мәлімдеді, деп хабарлайды "Известия".

Оның айтуынша, теңіз терминалындағы №1жылжымалы қондырғыда жүзу құрылғыларын ауыстыру бойынша қолға алынған жұмыстар толықтай аяқталды. Жұмыстың барлық көлемі орындалды, ол пайдалануға беріліп, қазіргі уақытта бірінші танкерге мұнай тиеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тамыз айында Каспий құбыр консорциумы жылжымалы айлақ қондырғысының жүзу қанаттарындағы құрылғылардан жарықтар табылуына байланысты екі мұнай құю айлағындағы жұмысты тоқтатты.

Ақаулар жабдыққа қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстар барысында анықталды. Ақау 2021/22 қыстағы қатал ауа райының салдарынан туындауы мүмкін.

Новороссийскідегі КҚК терминалдары - Қазақстан мұнайының Еуропа мен Солтүстік Америка нарықтарына шығаратын басты нысан. Магистральдың қуаттылығы жылына 67 млн тонна мұнайды құрайды.

Айта кетсек, кеше ғана Үкіметте осы мәселеге байланысты жиын өтіп, Смайылов аталған жөндеу жұмыстарына байланысты бюджет түсімдерінің төмендемейтінін айтқан болатын. "Алдағы екі-үш күнде №1 жылжымалы қондырғы жөнделеді деп ойлаймын. Бірден екінші құрылғыны жөндеу басталады. Ол бойынша жұмыстарды екі-үш аптада аяқтау көзделген", — деді Премьер-министр.

Қазақстан Ресей
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: