Ақпанның 8-і күнгі түскі саудада доллардың арзандауы жалғасты

Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,28 теңгеге төмендеп, 455,65 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 67,21 теңгені (-0,07) құрады.

Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 489,43 теңге, рубльді 6,45 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 455-458,5 теңгеден, еуро 489-493,5 теңгеден, ресей рублі 6,25-6,5 теңгеден сатылуда.

Ал 8 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 0,33%-ға өсіп, барреліне 83,97 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,08%-ға өсіп, барреліне 77,59 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды