Қазақстанда картоп импорты екі есе қысқарды

Сурет: pixabay
Қазақстанда картоп импорты 51,6%-ға төмендегенін көрсетті. Мәселен, 2021 жылы 97,6 мың тонна картоп импортталған болса, 2022 жылы 47,3 мың тонна өнім импортталған деді Ұлттық статистика бюросы 21 ақпанда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Картоп экспорты 18,5%-ға өсті. Мәселен, өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 194,8 мың тонна картоп экспортталса, 2021 жылы 164,3 мың тонна картоп экспортталған.

2022 жылы картоптың жалпы түсімі 40 804 697,5 центнерді немесе 4,1 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға артық. Оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 588 мың тонна өнім өндірді. Жеке кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары – 1,5 млн тонна, ал үй шаруашылықтарының үлесі өткен жылы 1,9 млн тоннаны құрады.

Өткен жылы барлық санаттағы шаруашылықтардағы картоп егіс көлемі 198,8 мың гектарды құрады.

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы өсуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда вирустық гепатиттерді анықтау тәсілдері өзгереді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі болды

Мұрат Бөрібаев Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды