Атырау облысындағы теміржол компаниясына 485 млн теңге айыппұл салынды

Сурет: pixabay
Атырау облысында "РТИ-АМӨЗ" ЖШС-ға айыппұл салынды. Оған монополиялық ережені теріс пайдаланды және негізсіз жоғары баға белгіледі деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізген тексеру барысында "РТИ-АМӨЗ" ЖШС іс-әрекеттерінен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактісін тіркеді. Атап айтқанда, монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және монополиялық ережені теріс пайдалану сипатында заңбұзушылықтар орын алған.


"Атырау көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде департамент "РТИ-АМӨЗ" ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады", делінген БҚДА хабарламасында.

 Істі қарау қорытындысы бойынша Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен "РТИ-АМӨЗ" ЖШС жалпы сомасы 485 млн теңгеге әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ол мемлекет пайдасына толық көлемде төленді.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды