Инфляция өсімі баяулады – Әлихан Смайылов

Сурет: akorda.kz
Биылғы наурыз айында жылдық инфляция 18,1%-ға дейін баяулады. Бұл жөнінде премьер-министр Әлихан Смайылов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-Министр бағаны тұрақтандыру үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың аса маңызды міндеттерінің бірі екенін баса айтты. Осыған байланысты үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыруда.

"Нәтижесінде биылғы наурыз айында жылдық инфляция 18,1%-ға дейін баяулады. Соңғы 4 аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша инфляция тіркелген жоқ. Біздің алдымызда биыл инфляцияны 2 есеге дейін төмендету міндеті тұр", – деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, республикада Халықтың табысын арттыру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Осы іс-шаралар аясында биыл 3 млн-нан астам адамның жалақысы өсті.

"Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы және толық көлемде орындалып келеді. Атап айтқанда, биылдан бастап 4,4 млн адамды жоғарылатылған әлеуметтік төлемдермен қамтуға 4,6 трлн теңге бөлінді", – деп атап өтті Премьер-министр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды