Тоқаев пысықайлардың кесірінен қарапайым шаруалар субсидия ала алмай отырғанын айтты

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жиында субсидия беру жүйесі сын көтермейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент осы орайда 2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияны мысал ретінде алып, бұл қаражаттың тең жартысы субсидия алам деушілердің 10 пайызының ғана қолына тигенін айтты.

"Субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына бюджет қаржысын қалтасына басып, шалқып өмір сүрген. Ал қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны", – деді Президент.

Сондай-ақ ол субсидия беру жүйесі өте күрделі және қажетті мәлімет көпшілікке қолжетімді емес екенін айтып, субсидия бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе бұл түйткілді шеше алмай тұрғанын сынңа алды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды