Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда сәуірде 0,5% арзандады.
Бұл ретте, сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өсті. 2023 жылғы сәуірде сатып алу-сату бойынша 31 445 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 096 және пәтерлер бойынша 23 349 мәміле жасалды.
2023 жылдың наурызымен салыстырғанда (24 273) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 29,5%-ға өсті.
Мәмілелер саны бойынша Алматы (5 559 – 17,7%) және Астана (4 772 – 15,2%) қалалары көш басында. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 342 бірлік (1,1%).
2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда сәуірде ең көп өсім Қостанай (46,2%-ға), Маңғыстау (45,5%-ға) және Ақтөбе облыстарында (45,2%-ға) тіркелді. Сонымен қатар, оң көрсеткіш еліміздің барлық аймағында байқалды.
2023 жылдың наурызымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 29,7%-ға (5 351 мәмілеге) өсті. Сәуір айында пәтерлер бойынша барлығы 23 349 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 74,3%-ы.
Статистика мамандарының бағамынша, бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, сәуір айында олардың 8 830-ы ресімделді. Сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (41,2%) тиесілі.
2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда, жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 29%-ға (1 821 мәмілеге) өсіп, 8 096-ны құрады. Өсім барлық аймақ бойынша тіркелді, сандық мәнде ең үлкен өсім Алматы (+248 мәміле), Маңғыстау (+142 мәміле) облыстарында және Шымкент (+131 мәміле) қаласында байқалды.
2023 жылдың сәуірінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы тиісті айымен салыстырғанда 40,1%-ға азайған, ол кезде 52 520 мәміле ресімделген болатын.
Төмендеудің ең үлкен көрсеткіші Қарағанды облысында (-68,2%-ға) байқалды.
Сонымен қатар, теріс көрсеткіш еліміздің барлық аймағында тіркелді.
2023 жылы қаңтар-сәуір айларындағы мәмілелер саны 2022 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда да теріс динамика көрсетті – -48%.