Дизель дүрбелеңі: Елордадағы монополист компанияға 1,6 млрд теңге айыппұл салынды

Сурет: ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агентігінің баспасөз қызметі
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "ТЭК-Қазақстан "Сауда үйі" ЖШС-ға қатысты монополияға қарсы тергеу аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдында дизель отынын қабылдау, сақтау және босату бойынша монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталған болатын. 

Осыған байланысты "ТЭК-Қазақстан "Сауда үйі" ЖШС-ға қатысты ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ҚР ӘҚБтК 159-бабының 3-бөлімінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске бастамашылық еткен болатын.

"2023 жылы 20 сәуірде Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты аталған ЖШС-ға қатысты 1,6 млрд теңге көлемінде айыппұл салды. 2023 жылғы 24 мамырда Астана қаласының соты бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырды. Демек, сот шешімі заңды күшіне енді".ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды