Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизельді арзанырақ сатып алады

Сурет: primeminister.kz
ҚР Энергетика министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде 2023 жылғы күзгі жиын-терінді (КЖТЖ) жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (АШТӨ) 426 мың тонна дизель отынын бөлді.

ҚР Энергетика министрлігі ұсынған АШТӨ бағасы 284 мың теңге/тонна, мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) қақпасындағы баға 1 литр үшін 239 теңге. АШТӨ-ге дизель отынын жеткізетін өңірлік операторлардың жеткізу өңіріне және шығыстарына байланысты фермер үшін орташа баға 1 литр үшін шамамен 257 теңге болады.

"Қазіргі жанар-жағармай құю станцияларындағы дизель отынының шекті бөлшек бағасы - 1 литр үшін 295 теңге. АШТӨ үшін бөлшек сауда құны (295 тг./литр) мен КЖТЖ-ға арналған дизель отынының бағасы (шамамен 257 тг./ литр) арасындағы айырмашылық – 14,8 % (шамамен 38 тг. жеңілдік). Күзгі кезеңде АШТӨ үшін дизель отынының бағасында көрсетілген жеңілдік көктемгі кезеңмен салыстырғанда жоғары екенін атап өтеміз. 2023 жылғы көктемгі дала жұмыстары кезінде дизель отынына жеңілдік 13,9 % (шамамен 26 тг. жеңілдік) болады", - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Қазақстанда күзгі жиын-терін шілде айынан қараша айын қоса алғанда жүргізіледі. Шілде айына МӨЗ-ден АШТӨ-ге дизель отынын жеткізетін өңірлік операторлар 2023 жылғы КЖТЖ-ға бөлінген көлемнің тек 4,5 мың тоннасын немесе 1%-ын (426 мың тонна) тиеп-жөнелтті. МӨЗ-ге жеткізілімдердің атаулылығын бақылау үшін дизель отыны бояулады, атап айтқанда: АМӨЗ – сары, ПМХЗ – қызыл, ШНӨЗ – көк, сондай-ақ ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ПИН-кодтар меншіктейді.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды