Отандық фермерлер үшін дизель отынының бағасы біршама төмендеді

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ фермерлер үшін дизельдің бір литрінің бағасын 238 теңгеге дейін төмендетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚазМұнайГаз күзгі дала жұмыстарының қарсаңында ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасын орындау мақсатында және қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (АШТӨ) қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында фермерлер үшін дизель отынының бағасын өңірлерге жеткізуді ескере отырып, бір литрінің құнын 238 теңгеге дейін төмендетті.

"Отынды жеткізетін өңірдегі операторлардың Энергетика министрлігі ұсынған бір литріне 12 теңге деңгейіндегі маржасын ескергенде, "жеңілдікпен берілетін" дизель отынының шекті құны литріне 250 теңгеден аспау керек. Бұл нарықтағы бағадан 45 теңгеге арзан (1 литрі - 295 тг)", делінген хабарламада.

Компаниядағылар егін жинау науқанында ҚР Энергетика министрлігінің мақұлдауымен 2023 жылға арналған облыстарды ҚР мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесіне сәйкес, жалпы көлемі - 426 мың тонна арзандатылған дизель отынын тасымалдау көзделген. Бұл ретте шілде айында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қажеттілігіне 90 мың тонна дизель отыны жеткізілді: осылайша фермерлердің дизель отынына берген өтініші толығымен орындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды