Елімізде шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің 31%-ы – әйелдер

Сурет: pexels
Статистика бойынша, Қазақстанда шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің 31%-ы немесе 1 миллионы – әйелдер. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық зерттеулер бойынша, әйелдердің экономикаға қатысуы 2025 жылға қарай жыл сайынғы әлемдік ЖІӨ-нің 28 трлн АҚШ долларына өсуіне әкелуі мүмкін.

Кәсіпкер әйелдер көбіне ел мен қоғамның дамуына елеулі үлес қосатын, әлеуметтік салалар бойынша бизнес бастап, соны дамытады. Олар: білім беру, оқыту, балаларды тәрбиелеу, тамақ өнімдерін өндіру және тағы басқа салалар.

Оы орайда қазан айында Қазақстанда бизнес-тренерлер қауымдастығымен бірлесіп Imperial College London (Ұлыбритания) әзірлеген "TalpynUp" әйел кәсіпкерлерге арналған тәлімгерлік бағдарламасы болмақ.

"Бұл әйелдерге өздерінің бизнес дағдысын және бизнесінің жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін 6 айлық бағдарлама", - деді Бизнес тренерлер қауымдастығының басшысы Әйгерім Тарбағатаева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды