Астана әуежайындағы автотұрақ құны өсті

Сурет: Zakon.kz
Астана халықаралық әуежайында 2023 жылғы 1 қазаннан бастап тұрақ құны өзгерді. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Әуежай кешені алдындағы тұрақтың P4-P6 аймағына көлік қалдыру құны екінші және үшінші тәулікте 2000 теңге, 3 тәуліктен артық болған жағдайда тәулігіне 3000 теңге болады.

P1-P3 аймағында екінші және үшінші тәулікте 3000 теңге, көлікті 3 тәуліктен артық қалдырған жағдайда тәулігіне 4000 теңге.

Сондай-ақ жабық тұраққа көлік қалдырсаңыз, кейінгі тәулікте көктем-жаз мезгілінде тәулігіне 3000 теңгеге, күз-қыс мезгілінде 4000 теңгеге дейін өседі.

"Көлік жүргізушілері көлігін 7 тәуліктен 40 тәулікке дейін әуежай тұрағына қалдырып кетеді. Соның салдарынан өзге жолаушылар мен шығарып салушыларға тұрақтан бос орын табылмай жатады. Көлікті тұрақта ұзақ мерзімге қалдыру қыс мезгілінде қар тазалау жұмыстарына да кедергі келтіреді".Астана әуежайының баспасөз қызметі

Әуежайдың көлік тұрағы транспортты қысқа мерзімге қалдыруға арналған. Әуежайдың баспасөз қызметі көлікті ұзақ мерзімге әуежайдың тегін тұрағына қалдыруға болатынын ескертті.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі

Марат Байқамуров дзюдодан Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін белдеседі