Қазақстанның қай өңірінде жұмыссыз жастар көп

Сурет: pexels
Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық жыл сайын азайған. Бір жылдан астам жұмыс таба алмай жүргендердің саны төрттен бірге қысқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздардың үлесі азайған. 2023 жылдың үшінші тоқсанында елімізде 15-28 жас аралығындағы 68,5 мың жұмыссыз азамат тркелген. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2% аз. Әсіресе, жас қыздар мен әйелдер арасындағы жұмыссыздар саны айтарлықтай төмендеді (17,6%) Бұл туралы Finprom.kz жазды.

Жастарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша ең аз проблема Ұлытау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында. Ал жұмыссыз жастардың саны Түркістан облысында айтарлықтай (65,1%) азайды. Жастардың жұмысқа тұруы Алматы, Астана және Алматы облысында қиын.

Жұмыссыздар тізімінде тұрған жас қазақстандықтардың басым бөлігі (18 мың адам) жұмысқа орналасуды бір айдан үш айға дейін күтеді. 14,9 мың адам алты айдан бір жылға дейін, 14,8 мың адам үш айдан алты айға дейін жұмыс іздеп жүреді. Бір жылдан астам жұмыс табуға талпынған қазақстандық жастардың саны бір жылда 24,8% азайып, 7 мың адамға жетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды