"Жыл сайын 30%-ға өседі". Сәтқалиев тауарлық газ бағасының неге көтерілгелі жатқанын түсіндірді

Сурет: freepik
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2025 жылғы 26 ақпанда ведомствода өткен брифингі барысында тауарлық газ бағасының көтерілу себептеріне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда тауарлық газ экспорт есебінен субсидиялануда.

"QazaqGaz компаниясы жыл сайын миллиардтаған шығынға ұшырайды. Бұл жағдайды реттеп, сондай-ақ QazaqGaz-дың сыртқы міндеттемелері бойынша дефолтқа ұшырауына жол бермес үшін әрі тұтынушыларға газдың тұрақты және сенімді түрде жетуін қамтамасыз ету үшін бағаны нөлдік рентабельділік деңгейге дейін біртіндеп теңестіру туралы шешім қабылданды, ең құрымығанда компания шығынға ұшырамайтын деңгейге дейін", - деді Сәтқалиев.

Министр Үкімет деңгейінде алдын ала қарастырылған QazaqGaz есебі бойынша осы мақсатқа жету үшін бес жыл ішінде жыл сайын бағаны 30%-ға көтеру қажет екенін айтты. 

"Бұл шешім ашық түрде шынымен де жарияланды. Бағалар қалай өзгереді дейсіздер ме? Мұның бәрі компанияның қаржылық жағдайына байланысты болады. Әр жолы мұндай шешімдер құнның күрт өсуіне жол бермеу тұрғысында қабылданады, ал өсім аз-аздан кезең-кезеңге сай жүзеге асыру тұрғысында жоспарланған. Үкіметтің жоспарында тауарлық газ бағасын өсіру біртіндеп жүзеге асыру қажет деген нақты түсінік бар", – деп түсіндірді Сәтқалиев. Бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы бензин бағасының қалай өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Бұған дейін Алмасадам Сәтқалиев жанар-жағармайдың алдағы өсіміне қатысты пікір білдірген-тұғын.

Қазақстан
Сәтқалиев Алмасадам

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

Көршілері шағым түсірген: Астана тұрғыны мерекелік тосынсыйы үшін айыппұл арқалады

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

Салық кодексіне жаңа түзетулер енгізілді