Мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің жартысы мал жаюға пайдалануға берілді

Сурет: pexels
Мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің жартысы игеруге берілді. Бұл мәліметтер 5 маусымда Үкімет үйінде өткен Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы барысында айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауылшаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, 2022–2024 жылдары мемлекеттік меншікке қайтарылған 12,2 млн гектар жердің 5,9 млн гектары қайта бөлінді.

"Оның ішінде, елді мекен маңындағы 2 млн гектар жайылым жергілікті халықтың мал жаюы үшін ортақ пайдалануға берілді. Қалған 3,9 млн гектар жер ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында конкурс арқылы таратылды", делінген үкіметтің баспасөз қызметі хабарламасында.

Соңғы үш жылда жергілікті инспекциялардың араласуынан кейін бұрын пайдаланылмай жатқан 3,8 млн гектар жерді бұрынғы жер иелері қайта игере бастады.

2025 жылы мемлекеттік меншікке қайтарылуы жоспарланған 2 млн гектар ауыл шаруашылығы айналымындағы жердің қазірдің өзінде 979,1 мың гектары қайтарылды.

Сонымен қатар жиында белсенді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жер пайдалану құқығын ұзарту және маусымдық шаруашылықтардың қызметін реттеу мәселелері қаралды.

Бұған дейін Қазақстан күріш, бидай және мақта дақылдары алқабын қысқартқаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды