Қазақстан экономикасы жеделдеді: 2025 жылы жалпы ішкі өнім 6,5%-ға өсті

Фото: Zakon.kz
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, экономикалық өсім Үкіметтің экономиканы әртараптандыруға бағытталған шаралары аясында қалыптасты. Экономикалық белсенділіктің кеңеюіне негізгі үлесті өнеркәсіп, көлік, құрылыс және сауда салалары қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңдеуші сектордың тұрақты өсімі

Министрліктің дерегіне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс индексі 7,4%-ды құрады. Бұл ретте өңдеуші өнеркәсіп 6,4%-ға өсіп, шикізаттық емес секторда оң динамика сақталып отырғанын көрсетті.

Өсім мына өнім түрлері бойынша қамтамасыз етілді:

Оң динамика еліміздің көптеген өңірлерінде тіркелді. Атап айтқанда, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстарында және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында өсім байқалды.

Көлік және логистика: 20%-дан жоғары өсім

2025 жылдың қорытындысы бойынша көлік және қоймалау саласы 20,4%-ға өсті (қаңтар–қараша айларында – 20,3%). Бұған автомобиль және теміржол көлігімен жүк тасымалы көлемінің артуы, сондай-ақ бірқатар өңірлерде жолаушылар тасымалының өсуі әсер етті.

Сонымен қатар жүк экспедициясы, әуе қозғалысын басқару, әуежайлар қызметі, қоймалар мен жылыжайлар, астық пен салқындатылған жүктерді сақтау секілді қосалқы көлік қызметтерінің кеңеюі де қосымша үлес қосты.

Құрылыс және тұрғын үй: ауқымды жобалар мен пайдалануға беру өсімі

Құрылыс саласындағы өсім 15,9%-ды құрады, бұл қаңтар–қараша айларындағы көрсеткіштен (14,7%) жоғары. Оң динамика инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың іске асуымен байланысты. Атап айтқанда, жайлы мектептер, медициналық нысандар, көлік және инженерлік инфрақұрылым құрылысы қарқынды жүргізілді.

2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында ел бойынша 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,1%-ға көп.

Сауда: көтерме сегмент жетекші рөлін сақтады

Сауда саласы бір жылда 8,9%-ға өсті (қаңтар–қарашада – 8,8%). Саланың жалпы көлемінің үштен екісінен астамы көтерме саудаға тиесілі болды.

Өсімді мынадай тауарларды сататын кәсіпорындар қамтамасыз етті:

Ауыл шаруашылығы, байланыс салалары

Ауыл, орман және балық шаруашылығында өсім 5,9%-ды құрады. Бұл өсім егіншілік көлемінің 7,8%-ға, ал мал шаруашылығының 3,3%-ға артуы есебінен қалыптасты.

Ақпарат және байланыс саласында жыл қорытындысы бойынша өсім 3,6%-ға жетті.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың нәтижелері экономиканың теңгерімді түрде өсіп отырғанын көрсетеді. Өсім бір ғана салаға емес, бірнеше секторға сүйеніп, елдің басым бөлігін қамтыды. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің пікірінше, мұндай құрылым шикізаттық емес бағыттардың біртіндеп нығайып, ішкі экономикалық белсенділіктің кеңейіп келе жатқанын айғақтайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды