Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанар-жағармай тапшылығына жол бермеуді тапсырды

Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты министрліктер мен құқық қорғау органдары басшылығының қатысуымен сыртқы факторлардың ықпалын ескере отырып, мұнай өнімдері нарығындағы қазіргі жағдайы бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің баяндамасы тыңдалды.

"Бүгінде Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете отырып, штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Еліміздегі бензин, дизель және авиациялық отын қоры 1 млн тоннадан асады, бұл тұтынушылардың қазіргі сұранысын толық өтеуге мүмкіндік береді. Мұнай өнімдерімен автожанармай құю стансалары, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және отандық әуе тасымалдаушыларына басымдықпен қамтамасыз етілуде. Жанар-жағармай материалдарының тапшылығы байқалмайды. Өндіріс көлеміне, жөнелтуге және қорларға тұрақты мониторинг жүргізілуде", делінген хабарламада.

Кеңес барысында мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін және теміржол көлігімен жеңіл дистилляттарды шығаруға тыйым салу туралы Энергетика министрлігінің бұйрығы қолданыста.

Сонымен қатар автокөліктердің мемлекеттік шекараны тәулігіне бір реттен артық кесіп өтуіне шектеу енгізілген.

Сондай-ақ ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұмановтың және Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың баяндамалары тыңдалды.

Премьер-министр Олжас Бектенов ішкі мұнай өнімдері нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берілді:

Үкімет мұнай өнімдері заңсыз айналымының барлық схемаларының жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы бір айда 12 тоннаға жуық жанар-жағармай экспорты тоқтатылған. Конверттелген газ бактары бар 54 көлік анықталып, олардың иелері жауапқа тартылды. Бұл жұмыс жалғасуда және жіті бақылауда.

Бұған дейін Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кеткені хабарланған.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Мемлекеттік басшысы кәсіби мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады

Қосымша табыс тапқаны үшін балалы ана мемлекеттен төленетін әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін бе