Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Газ құю бекеті, көлік, Ақтөбе, өрт, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2026 09:28 Сурет: freepik
19 маусымда түнде Ақтөбе қаласында газ құю бекетінде ішінде үш адам бары көлік өртенді. Өкінішке қарай, кәмелет жасына толмаған екеу және бір ересек адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 112 нөміріне шұғыл хабар сағат 22:55–те келіп түскен. Өрт сөндірушілер Ақтөбе қаласындағы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан автогаз құю бекетіне дереу жетіп, өртті сегіз минут ішінде, яғни 23-03-те толықтай сөндірді.

"Өрт сөндіру кезінде көлік ішінен үш адамның денесі табылды. Оның екеуі кәмелетке толмаған. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді". Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Оқиға орнына 10-нан астам техника мен 50-ден астам қызметкер барды. Олардың арасында өрт сөндірушілермен қатар Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Апаттар медицинасының мамандары болды.

Қазіргі кезде өрттің қалай тұтанғаны анықталып жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: