Қазақстанда орта бизнесті дамытуға арналған жеке жоспар әзірленеді

Фото: freepik
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин 2026 жылғы 29 қазанда Үкімет отырысында Қазақстандағы орта бизнесті қолдау үшін қандай жаңа шаралар әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, кәсіпкерлердің іріленуін ынталандыру мақсатында орта бизнесті дамыту жоспары әзірленеді.

"Құжатта ұзақ мерзімді қаржыландыру, технологиялық жаңғырту және бизнеске түсетін әкімшілік қысымды азайту тетіктері қамтылады. Құрылтай депутаттарымен бірлесіп, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге және оларға қатысты профилактикалық бақылау жүргізуге үш жылдық мораторий енгізу мәселесі қаралады. Халықтық цифрлық экономиканы қалыптастыру аясында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары маркетплейстерді, банктер мен логистиканы қоса алғанда, цифрлық сервистердің мүмкіндіктерімен біріктіріледі", – деді Азамат Әмрин.

Оның сөзінше, экономиканың аса маңызды тәуелділіктерін басқару және сценарийлік талдаулар әзірлеу кезінде жасанды интеллектінің заманауи технологиялары да қолданылады.

Бұған дейін, 28 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы ел дамуының басым бағыттарын ұзақ мерзімді перспективада айқындайтын құжат әзірлеуді тапсырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді