Көмір мен жарық бағасы қымбаттайды ма - министр жауабы

Сурет: pxhere
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 4 қарашада үкіметте өткен брифинг барысында көмір мен электр энергиясы бағасының қымбаттау ықтималдылығына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министр, әзірге бағалардың өзгермейтінін қадап айтты.

"Көмірдің бағасы бұрынғы деңгейінде қалады, электр энергиясының көтерме бағасына да қатысты сондай жағдай. Министрлік қазір электр энергиясының тарифтерін көтеру мәселесін қарастырып жатқан жоқ", – деді Ақкенженов.

Министрге журналистер қыркүйек айында мемлекеттің электр энергиясы тарифтерін қайта қарағанын еске салды.

"Бастапқыда өзгеріс бағаға әсер етпейді деп жоспарланған еді, бірақ кейін тарифтер түзетілді. Барлық өтінімдер келіп түскеннен кейін, көмір құнын ескере отырып есептер түзетілді. Иә, қыркүйек айында солай болды", деп сөзін түйіндеді Энергетика министрі

Бұған дейін Ақкенженов Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 станцияларындағы құрылыс жұмыстарының уақытынан неге кешігіп атқарылып жатқандығына қатысты пікір білдірген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған

Ақтөбедегі Неке сарайындағы әйелдің өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды