Олжас Бектенов "Самұрық-Қазына" АҚ төңірегіндегі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов 2026 жылы 18 қарашада "Самұрық-Қазына" АҚ басшылығына қатысты соңғы оқиғаларға байланысты түсініктеме беріп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы нақтылап өткендей, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жекелеген лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу әрекеттерін жүргізуде.

"Барлық мән-жайлар жүргізіліп жатқан тергеу аясында анықталуда. Жағдай Мемлекет басшысының бақылауында. Құзыретті органдар заңнама талаптарын қатаң сақтай отырып, объективті әрі жан-жақты тергеу жүргізуге тиіс. Қазіргі кезеңде сөз нақты бір жағдай туралы болып отыр. Бұл жағдай қордың бүкіл компаниялар тобының қызметіне күмән келтіруге негіз бола алмайды". Олжас Бектенов

Сондай-ақ ол жақын арада "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының жаңа төрағасы тағайындалатынын да айтты. Оның айтуынша, бұл ретте басқару ісіндегі сабақтастық пен Қор қызметінің үздіксіздігі толық қамтамасыз етіледі.

"Қор тобына кіретін барлық компаниялар штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Қордың даму стратегиясы өзгеріссіз қалады. Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бекітілген жоспарларға сәйкес жалғасады. Инвесторлар, кредиторлар, банктер және халықаралық қаржы институттары алдындағы барлық қаржылық, шарттық және борыштық міндеттемелер уақтылы әрі толық көлемде орындалады". Олжас Бектенов

Сонымен қатар, премьер-министр атап өткендей, орын алған жағдай корпоративтік басқаруды одан әрі нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүйелі шаралар қабылдауды талап етеді.

"Қордың Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде қор мен оның еншілес ұйымдарының директорлар кеңестерінің, сондай-ақ олардың жанындағы бейінді комитеттердің, ең алдымен аудит және тәуекелдерді басқару комитеттерінің рөлін күшейтуді қажет деп санаймын. Ішкі бақылау, комплаенс және ішкі аудит тетіктері қайта қаралып, күшейтіледі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға, мүдделер қақтығысын анықтауға, қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыруға және басшылардың дербес жауапкершілігін күшейтуге ерекше назар аударылады".Олжас Бектенов

Үкімет басшысы айтуынша, бұл арадағы міндет тек нақты құқық бұзушылықтарға ден қоюмен шектелмейді. Ең бастысы, мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермейтін тиімді жүйе қалыптастыру.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі қордың стратегиялық бағытының өзгермейтінін, тұрақтылық, ашықтық және жауапты әріптестік қағидаттарына бейілділігін растайды. Қазақстан халықаралық инвестициялық және қаржы қоғамдастығы үшін сенімді әріптес болып қала береді. Біз инвесторларымыз бен кредиторларымыздың сенімін жоғары бағалаймыз және ұзақ мерзімді, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз". Олжас Бектенов

Айта кетсек, 2026 жылғы 11 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Н. Жақыповты және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Е. Отыншиевті ұстағандарын хабарлаған болатын. Оларға сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдік келтіріледі. Көп ұзамай "Самұрық-Қазына" штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтып, мәлімдеме жасады.

13 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, президент "Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазақстан темір жолы" компаниясы басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы бұл оқиғаның мемлекеттік компаниялардағы басты мәселелердің бірі жемқорлық екенін көрсеткенін айтып, Үкімет пен бақылаушы органдарға нақты міндет жүктеді.

16 қарашада ҚР ҰҚК басшысы Ермек Сағымбаев отставкаға кетті. Оның орнын Марат Ирменов басты.

Ал бүгін, 18 қарашада ҰҚК "Самұрық-Қазына" мен ҚТЖ басшыларының қамауға алынғанын хабарлады.

Самұрық-Қазына
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы облысында мемлекетке қайтарылған жерлерде құны 60,2 млрд теңге болатын бес жоба іске асырылмақ

Супермаркетте 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді қала тұрғыны құтқарып қалды

"Азаматтарға арналған үкімет" зейнетақы мен жәрдемақының уақтылы төленуі туралы есеп бермек

"Тарихта алғаш рет" – Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Тоқаевқа маңызды келісім туралы айтты

18 қарашада қыс қаһарына мінеді: Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды