Ғалымдар Илон Масктың жерсеріктері зерттеуге кедергі келтіретінін айтты

Сурет: pixabay
SpaceX компаниясының көптеген Starlink жерсеріктері астрономдарға сапалы суреттер түсіруге әрі ықтимал қауіпті астероидтарды бақылау жұмысына кедергі келтіруі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Astrophysical Journal Letters ғылыми журналында жарияланған зерттеуде айтылады.

Зерттеушілер Starlink жерсеріктерінің Оңтүстік Калифорниядағы Паломар обсерваториясында астрономдар түсірген 300 мыңға жуық суреттерге әсерін талдады. Сонымен, 2019 жылдың қарашасынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін олар сапасыз суреттер санының 35 есе өскенін анықтады. 2019 жылы түсірілген суреттердің 0,5% көлегейленіп қалса, ал қазір бұл көрсеткіш 20%-ға дейін өскен.

Вашингтон университетінің астрономы Эрик Беллдің айтуынша, күн сәулесінің шағылысқан жолақтары қауіпті астероидтарды іздеуді қиындатуы мүмкін.

Зерттеушілердің айтуынша, қазір Жер орбитасында 1,6 мыңнан астам Starlink жер серіктері айналып жүр. Жалпы алғанда, компания 12 мың нысанды айналымға шығаруға рұқсат алды және тағы 30 мыңына өтінім берді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Білім беру жинақтау салымы бойынша түзетулер енгізілді

Астанада Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумы өтті

Тұман, көктайғақ: ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстандағы мобильді аударымдар: қандай азаматтар тексеріледі