Алматылық оқушылар Nasa ұсынған байқаудың жеңімпазы болды

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Алматыдағы физика математика-бағытындағы NIS оқушылары Рамазан Әміре мен Сымбат Барсағазы дайындаған "Aenoica" жобасы әлемнің үздік зымыран құрастырушыларының арасынан топ жарып, үздік атанды.

Биыл байқауға әлем бойынша 30 мыңға жуық оқушы қатысып, алматылық оқушылар бірінші орынды иеленді.

Жоба кураторы 11 сынып оқушысы Райымбек Әбілбектің айтуынша, идея жаңа технологияларды енгізуге негізделген. 

"Біз 300 мың тұрғынның үйіне айналатын станция құрып қана қоймай, кванттық коммуникацияларды, технологиялық дамыған агрокультураны пайдалана отырып, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін құрдық. Біздің жоба үздіктер қатарына енгеніне қуаныштымын", - деді Райымбек.

АҚШ-тың NASA ұйымдастырған 7-12 сынып оқушыларына арналған дәстүрлі байқауы "Ғарыш қоныстары" деп аталады. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен оқушылар мен студенттер қатысып, еркін ғарыштық қоныс тұжырымдамасын әзірлеу үшін жұмыс істейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты