Оқу-ағарту министрі Қырымнан кейін оқушыларды шетелге шығару үшін қандай шара қолданылатынын айтты

Сурет: primeminister.kz
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 6 маусымда үкімет кулуарында қазақстандық оқушылардың Қырымға сапары жөнінде сөз қозғады. Министрлік балалардың шетелге тиісті бұйрықсыз баруына тыйым салуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ғани Бейсембаев бұл шара ата-аналардың бастамасымен қол алынғанын айтты.
"Балалардың барлығы аман-есен оралып, ата-анасына табысталды. Мұғалім тиісті жазасын алды", – деді Оқу-ағарту министрі.

Сондай-ақ ол алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеу үшін Оқу-ағарту министрлігі тарапынан қандай шаралар қабылданып жатқанына да тоқталды.

"Біз министрліктің бұйрығынсыз және Балалар құқығын қорғау комитетінің рұқсатынсыз мектеп оқушыларының шетелге шығуына тыйым салуды енгізуді қолға алып жатырмыз". Ғани Бейсембаев

2023 жылғы 25 мамырда Оқу-ағарту министрлігі бір топ қазақстандық оқушының "Россотрудничество" бағдарламасы бойынша Қырымда жүргенін және бұл сапардың тиісті ведомствомен келісілмегенін мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды