Coursera әлемдік рейтингінде Қазақстан нешінші орында

Сурет: pixabay
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан Coursera рейтингінде 31-орынға ие болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің жазуынша, Coursera онлайн білім беру алаңы Global Skills Report 2023 жаңа есебін жариялады. Баяндамада орналастырылған курстарға сұраныс және оларды тыңдаушылардың сәтті өтуі зерттелген. Қазақстан жалпы әлемдік есепте 31-орынды иеленген.

Баяндамада Қазақстанда білім алушылар технологиялық дағдылар бойынша жетістікке жетіп жатқаны, Technology көрсеткіші 96% болғаны атап өтілген.

Рейтинг құраушылар мына білім санаттарын қарастырады:

2023 жылы зерттеу базасына әлемнің 100 елінен 124 млн студент тіркелген.

Ведомство басшысының айтуынша, бұл рейтингтегі позицияны арттыруға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің еліміздің 25 жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларында 600-ден астам курстарды енгізу арқылы цифрлық экономика үшін 20 мың студент пен оқытушыны даярлау жөніндегі бастамасы ықпал етіп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты