Павлодарда Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды

Сурет: Константин Шелков
Павлодарда Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды. Көпшіліктің назарына Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі академиктің жеке заттары мен кітаптардан тұратын көрме-экспозиция ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаныш Имантайұлының мерейтойы аясында «Қаныштың – рухани әлемі» мерейтойлық іс-шарасы өтті.

"Бағдарламаға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жергілікті жазушы Жұмағали Қоғабайдың "Сақ дәуірімен сабақтас оқиғалы оюлар", "Сәтбаевтар әлемі" жаңа кітаптарының тұсаукесері және SU Түлектер қауымдастығының басшысы, "Сәтбаев университеті Эндаумент" Жеке қорының Комитет төрағасы және Қордың бас атқарушы директоры Шынар Қоғабай және Сәтбаевтардың ұрпағы Райхан Қоғабаеваның "Өрнектерді сөйлеткен шебер" жеке көрмесі кірді", деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл іс-шараға Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан, жергілікті ақын-жазушылар, өлкетанушылар, мәдениет қызметкерлері және кітапхана оқырмандары қатысты.

Айта кетсек, Баянауыл ауданынан геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтбаев қолданған баспа машина табылған еді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды