Ғалымдар тарақандар туралы ғасырлар бойғы жұмбақты шешті

Батыс Австралия университетінің ғалымдар тобы ең көп таралған жәндіктердің бірінің, "неміс" тарақанының шығу тегі туралы 250 жылдық жұмбақты шеше алды. Тарақанды "қызыл" немесе прусак деп те атайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Австралиялық биолог Тео Эванс "неміс" тарақанының Blattella germanica атауына қарамастан, шығу тегі мүлдем Германиядан емес екенін айтты.

Өз уақытында Швед биологы Карл Линней бұл түрді үлгілер жиналған жердің атымен атады.

Ғалымдар жәндіктердің шығу тарихы 1200 жыл бұрын басталып, Шығыс Үндістаннан батысқа қарай жүргенін анықтады. Авторлар мұны сауда байланыстарының артуымен және ислам халифаттарының әскери қызметімен байланыстырды.

"Біздің бағалауымыз бойынша, бұл тарақандар Еуропаға шамамен 270 жыл бұрын келген, бұл жеті жылдық соғыстың тарихи деректеріне сәйкес келеді. Еуропадан Blattella germanica шамамен 120 жыл бұрын пароходтармен жылдам тасымалдаудың арқасында бүкіл әлемге таралды", - деп түсіндіреді австралиялық биолог.

Сондай-ақ, РБК Life басылымы атап өткендей, зерттеушілер өркениеттің дамуы эволюцияны, сондай-ақ қалалық ортада қызыл тарақандардың таралуын тудырды деген қорытындыға келді.

Өмір сүру үшін Blattella germanica адамдардың көзіне түспеуді, түнгі өмірді, ашық кеңістіктен аулақ болуды үйренді.

Бұл жәндіктердің қанаттары болғанымен, ұша алмайды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: