Мальдив аралдарына қауіп төніп тұр: алып айсбергтің ыдырауы алаңдатарлық болжамға себеп болды

Мальдив аралдарына қауіп төніп тұр: алып айсбергтің ыдырауы алаңдатарлық болжамға себеп болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2026 22:29 Сурет: pexels
Антарктикада ұзақ уақыт бойы әлемдегі ең ірі айсберг саналған мұз жартасының ыдырауы Тынық мұхитындағы аралдардың, соның ішінде туристер жиі баратын Мальдив аралдарының су астында қалуына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ресей ғылым академиясы құрамындағы Пущино ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері, климатолог әрі биофизик Алексей Карнаухов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жағдай қауіпті тізбекті реакцияны бастап, "Қиямет мұздығы" деп аталатын ірі мұздықтың еруіне себеп болуы мүмкін.

"Егер "Қиямет мұздығы" мұхитқа құлап түссе, теңіз деңгейі шамамен 50 сантиметрге көтеріледі. Ал егер Антарктикадағы басқа мұздықтар да жаппай үзіліп, ыдырай бастаса, онда су деңгейі жалпы алғанда 3 метрге дейін көтерілуі ықтимал. Мұндай жағдай көптеген арал мемлекеттері үшін үлкен қауіп төндіреді",- деді ғалым Life.ru басылымына берген сұхбатында.

Мысал ретінде Мальдив аралдары келтірілді. Бұл елдегі ең биік нүкте шамамен 2 метр ғана. Сондықтан су деңгейі 3 метрге көтерілсе, аралдар толығымен су астында қалуы мүмкін. Осындай қауіп Тынық мұхитындағы ондаған елге де қатысты.

Айта кетейік, Айсберг A23a 2025 жылы әлемдегі ең ірі айсберг болып саналған. Алайда қыркүйек айында бұл мәртебесінен айырылды. Ал 2026 жылдың сәуірінде оның ұсақ бөліктерге бөлініп кеткені белгілі болды – мұз массасы бірден шамамен 100 есеге азайған.

Бұған дейін есте сақтау қабілетін не нашарлататындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: