Маск Бразилияда Х желісінің тоқтатылуы туралы: Бұл - сөз бостандығына жасалған шабуыл

Сурет: flickr/Bret Hartman
Америкалық кәсіпкер Илон Маск Бразилия билігінің елдегі X әлеуметтік желісі жұмысына тыйым салу туралы шешіміне қатысты түсініктеме берді. Ол мұны ХХІ ғасырдағы сөз бостандығына жасалған бұрын-соңды болмаған шабуылдардың бірі деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұмада, 30 тамызда Бразилия жоғарғы федералды сотының судьясы Алешандри ди Мораис елдегі Х әлеуметтік желісінің жұмысына тыйым салу туралы үкім шығарды.

"Биылғы жылы сөз бостандығына жасалған бұл шабуылдар - ХХІ ғасырда бұрын-соңды болмағаны", - деп жазды Маск Х әлеуметтік желісінде.

Х қолданушыларының бірінің АҚШ билігі америкалық компанияға осындай шабуылдың жасалуына қалай жол беріп қойғанын сұрады. Бұл ретте Маск: "олардың кейбіреулерінің бұған қатысты бар" деп жауап берді.

"Сөз бостандығы демократияның негізі болып табылады және Бразилиядағы сайланбаған жалған сот төрелігі оны саяси мақсатта бұзып отыр", – деп сөзін толықтырды Маск.
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды