Қызылорда облысынан динозаврдың сүйегі табылды

Сурет: wikipedia
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары құнды жәдігер сонау Бор дәуірінде мекендеген тіршілік иесінің қаңқасы болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Экспедиция Қармақшы ауданының орталығынан солтүстікке қарай 90 шақырым жерде жүргізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24kz" телеарнасының ақпаратынша, бұл маңды ғалымдар Шах-Шах шатқалы деп атайды. Алдағы уақытта табылған бұйымдарды нақтылау үшін палеонтологтарға жолданбақ. Музейдің ғылыми хатшысы Асхат Сайлаудың айтуынша, 1968 жылы дәл осы аумақтан "Аралозавр" деген атаумен ғылыми айналымға енген динозаврдың бас сүйегі табылған.

"Қазақстанда палеонтологиялық кешендер өте санаулы ғой. Сондықтан кешегі табылған жәдігерлердің көбісі баға жетпес құнды жәдігерлер. Алдағы уақытта палеонтологтармен жұмыс жасаймыз. Бұл үлкен сенсациялық жаңалық болып тұр. Жалпы келешекте бұл жер туристік нысанға айналдыруға тиісті жерлердің бірі болып табылады. Бұл әлемдік деңгейде, еуропалық ғалымдардың қызығушылығын тудырған бұл жерді қорғап, үлкен аймаққа айналдыруымыз керек, қорғау аймағына".Асхат Сайлау, тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы:

Бұған дейін Оралда екі жүргізуші көлік шайқасын ұйымдастырғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты