Неолит дәуірінің қолөнері мен жоралғыларының айғағы: Түркияда сирек кездесетін артефакт табылды

Сурет: pixabay
Түркияның Анатолия аймағындағы ежелгі қоныстардың бірінде археологтар 8,5 мың жылдық жанартау шынысынан жасалған бірегей айна тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Arkeonews басылымының жазуынша, айна шамамен б.з.д. 6500 жылдарға жатады. Сол кезеңде жанартаулық әйнектен мұндай бұйымдар жасау өте сирек кездесетін әрі жоғары шеберлікті қажет ететін күрделі қолөнер болған. Анкара университетінің профессоры, қазба жұмыстарын жетекшісі Аднан Байсалдың айтуынша, мұндай айналар мен жанартау шынысынан жасалған басқа да бұйымдардың практикалық та, ритуалдық та маңызы болған.

"Мұндай айналар ерекше шеберлікті талап етеді. Өндіріс процесі өте күрделі: обсидианды дәл өңдеп, абразив материалдармен мұқият жылтырату қажет. Бұл жай ғана қолөнер емес, бұл – арнайы технология", – деді Байсал.

Сарапшылардың айтуынша, бұл олжалар сол дәуірдегі елді мекендердің қалай жоспарланғаны, әртүрлі аймақтардың мәдени элементтері бір-біріне қалай әсер еткені жөнінде сыр шертеді.

Табылған обсидиан айна – неолит халқының шеберлігі мен шығармашылығының айқын дәлелі. Ол олардың мәдениетін тура да, ауыспалы мағынада да бейнелеп тұр.

Бұған дейін археологтардың Жетісу облысында кезекті петроглифтер кешенін тапқанын жазғанбыз.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты