Балғасын жоғалтқан фермер, оны іздеп жүріп қазына тауып алды

Сурет: pexels
Жоғалған ауыл шаруашылығы құралын іздеу Ұлыбританияның байлығы мен Рим империясының құлдырауы туралы түсінікті өзгерткен археологиялық жаңалыққа айналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Science Blog мәліметінше, 1992 жылдың қарашасында британдық Питер Уотлинг Саффолк графтығындағы егістікте балғасын жоғалтып алған. Фермада мұндай жағдайдың болуы таңсық емес еді.

Ол досынан балғаны іздеуге көмектесуін сұрайды. Зейнеткер бағбан Эрик Лоус металл іздегішке ие болғандықтан, екеуі Хоксне ауылының оңтүстік-батысындағы егістікке барып, құрылғыны іске қосады. Металл іздегіш бірден белгі береді. Лоус жерді қазып, күміс қасықтар мен алтын тиындарды тауып алады.

Ол табылған заттарды көлігінің жүксалғышына салып, ешкімге айтпай кетуіне болар еді. Алайда Лоус полицияға және жергілікті археологиялық қоғамға хабарлайды.

Келесі күні таңертең оқиға орнына Джудит Плувье бастаған Саффолк археологиялық бөлімінің мамандары келеді. Әр заттың орналасқан жері алдын ала тіркелгендіктен, археологтар қазынаның жерге қалай көмілгенін анықтай алды. Оның ішінде ағаш сандық, одан әрі шағын ағаш жәшіктер және кішкентай күміс құлыптар болған.

Британ музейінің күміс тостағандардың бір жинағына қатысты жазбасында олардың бидай сабанына салынып, зығыр матаға оралғаны айтылады. Келесі жылдың қыркүйегінде егістік қайта жыртылғаннан кейін, сол жерден тағы төрт алтын және 81 күміс тиын табылды.

Жалпы есеп бойынша, қазынадан 14 865 алтын, күміс және қола тиын, сондай-ақ шамамен 200 күміс ыдыс пен алтын әшекей табылған. Қазір қазына сақталатын Британ музейі оны Рим дәуіріндегі Британиядан табылған ең бай қазына деп атайды.

Экспонаттардың арасында аметист пен гранат тастарымен безендірілген алтын шынжыр, 19 білезік және төрт күміс бұрыш салғыш бар.

Қазынаның бағасы 1,75 миллион фунт стерлинг болды. Бұл ақша қазынаны тапқан адам ретінде Лоусқа төленді.

Заң бойынша Лоус бұл ақшаны Уотлингпен бөлісуге міндетті болмаған. Соған қарамастан, ол сыйақыны онымен бөлісті. Ал Уотлингтің жоғалған балғасы да кейін табылып, қалған қазынамен бірге музейге тапсырылды.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

ҚМА барлық қазақстандықтарға шұғыл мәлімдеме жасады