Қытай ғалымдары Тынық мұхитынан мол алтын қорын тапты

Қытай ғалымдары Тынық мұхитынан алтыны өте мол кен орнын тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2026 10:42 Сурет: pexels
Қытай ғалымдары Тынық мұхитының батыс бөлігінен алтын мен күмістің аса жоғары мөлшерімен ерекшеленетін ірі суасты пайдалы қазбалар кен орнын тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

South China Morning Post басылымының жазуынша, геологиялық барлау тобының деректеріне сәйкес, теңіз түбінен аса ыстық судың атқылауы нәтижесінде пайда болған кен құрамында құрлықтағы кен орындарына қарағанда алтын мен күміс көбірек. Бұл жаңалық Қытайдың бірнеше ғылыми мекемесі қатысқан бірлескен экспедиция барысында анықталған.

Теңіз түбіндегі бұл гидротермалды алқап — мұхит түбіндегі саңылаулардан ыстық әрі минералдарға бай судың атқылап шығатын аймағы. Мұндағы кен құрамында бағалы металдар ерекше жоғары мөлшерде кездеседі.

Атап айтқанда, күмістің ең жоғары концентрациясы кеннің бір тоннасында 1 килограмнан асады. Ал металдың орташа мөлшері құрлықтағы әдеттегі кен орындарындағы көрсеткіштен жоғары.

Зерттеу тобының құрамында Циндао теңіз геологиясы институты мен Шанхай Цзяотун университетінің ғалымдары да болды. Экспедиция 10 тамызда Шэньчжэнь қаласынан Қытайда жасалған алғашқы алып океанографиялық зерттеу кемелерінің бірі — "Сян Ян Хун 10" кемесімен жолға шыққан.

Бағалы металдар жоғары температуралы кең гидротермалды алқаптан табылған. Олар "гидротермалды сульфидті" кендер деп аталатын шоғырларда жинақталған.

Бұл көпметалды шөгінділер теңіз түбінен аса ыстық, металдарға бай судың атқылап шығып, мұздай дерлік теңіз суымен араласуы нәтижесінде түзіледі.

Судың күрт салқындауы металдардың күкіртпен байланысуына әкеліп, олар қатты сульфидті минералдар түрінде шөгеді. Олардың құрамында негізінен мыс, мырыш және қорғасын болады, сондай-ақ алтын мен күміс те кездеседі.

Мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, кен орны Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі Қытайдың айрықша экономикалық аймағы аумағындағы "доғааралық бассейнде" орналасқан. Алайда оның нақты координаттары жарияланбаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: