Тәртіпсіздік кезінде несиеге алынған көлік өртенсе, құны төлене ме

Сурет: Zakon.kz
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі несиеге алынған көліктің бәрі сақтандырылғанын, сондықтан құны төленетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьевтің сөзінше, агенттік сақтандыру компанияларымен бірлесіп, сақтандырылған барлық полисті өтеу үшін қажет шараларды қабылдайды.

Біз әр келісімшартты жеке зерттеуіміз керек. Қандай ерекшеліктері бар, төлемді жүзеге асыру үшін қандай негіздер бар, бәрін қараймыз. Сондықтан Агенттік сақтандыру компаниялары арқылы жасалған және сақтандырылған барлық полисті өтеу үшін шаралар қабылдайтынына сендіргіміз келеді. Төлем жасалмаған жағдайда азамат сақтандыру компаниясына, сонымен бірге Агенттікке жүгіне алады.Александр Терентьев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды