Қазақстан Дүниежүзілік банктен 345,7 миллион еуро қарыз алды

Сурет: pixabay
Қазақстан Дүниежүзілік банктен 345,7 миллион еуро несие алу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
24 тамызда Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Татьяна Проскурякова мен премьер-министрдің орынбасары әрі Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жеке сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Қазақстанның COVID-19 пандемиясынан тұрақты экономикалық сауығуын қамтамасыз ету үшін 345,7 миллион еуро көлеміндегі несиелік келісімге ресми түрде қол қойды.Дүниежүзілік банктің баспасөз қызметі

Қарыз туралы келісімді Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесі 2021 жылғы желтоқсанда мақұлдады. Ал тиісті жарлыққа Қазақстан президенті 2 шілдеде қол қойды. Өтеу мерзімі – 11,5 жыл, қосымша 2,5 жыл жеңілдік кезеңі.

Несиенің ұзақ мерзімді сипаты және пайыздық төлемдердің төмендеуі жалпы сыртқы қарыздың орташа өтеу мерзімін ұзарту және қарыз алудың орташа құнын төмендету арқылы елдің жалпы қарыз профилін жақсартады. Несие бойынша берілетін қаражат үкіметтің бюджеттік қажеттіліктерін қаржыландыруды қамтамасыз етеді.Дүниежүзілік банктің баспасөз қызметі

Қазақстан Дүниежүзілік банк тобына кіргеннен бері өткен 30 жылда елге көрсетілген қолдау көлемі 8,6 миллиард доллардан асты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін