Мемлекеттік қызметкерлердің салық декларациясын қате толтыруы миллиардтаған қарызға алып келді

Сурет: pexels
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік қызметшілердің, оларға теңестірілген адамдардың және олардың жұбайларының кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) толтыру кезінде жіберілген қателіктердің салдары туралы түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша 11 мың мемлекеттік қызметші, оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайларында жеке табыс салығы бойынша 759 млрд. теңге сомасында берешек қалыптасқан.

Декларацияларды талдау көрсеткендей, өздігінен салық салынатын табыс болмаған жағдайда, бюджетке төленетін жеке табыс салығының сомалары қате көрсетілген.

Мемлекеттік кірістер комитеті декларацияны азаматтар өз бетінше тексеру қажеттігі туралы ескертті. Қате толтыру анықталған жағдайда декларацияның «Е» бөлімінде жеке табыс салығының сомасын кемітіп, қосымша декларацияны тапсыру керек.

Қателер түзетілмеген жағдайда жеке сот орындаушылары салық бұйрықтары негізінде банктік шотты жабуы мүмкін. Тұрғындар декларацияны дұрыс толтыру сұрақтары бойынша тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі