Шаштараз бен сұлулық салон қызметі бір жылда 17% қымбаттаған

Сурет: pixabay
Оның ішінде ерлердің шаш қиюы бір жыл бұрынғыдан 22%, әйелдердікі 16% қымбаттаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтерінің қымбаттауы бірден 17 пайызға жетті.

Өңірлік тұрғыда сектордағы жыл сайынғы баға өсімі Батыс Қазақстан облысында 3,1%-дан Түркістан облысында 33,7%-ға дейін ауытқиды. Бағаның айтарлықтай өсуі Павлодар (32%-ға), Қарағанды ​​(30,4%-ға) және Атырау (25,7%-ға) облыстарында да байқалды.

Атап айтқанда, бір жыл ішінде ерлердің шаш қиюының бағасы бірден 21,5%-ға қымбаттаса, әйелдер шаш үлгісі 16%-ға қымбаттады.

Маникюр мен педикюр жыл ішінде тиісінше 18,8% және 10,5% қымбаттады, эпиляция 8,6% қымбаттады.

Биыл қаңтар-қыркүйек айларында шаштараздар мен сұлулық салондары көрсеткен қызмет көлемі 24,5 млрд теңге болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңіен салыстырғанда құндық мәнде 10,3% артық. Ал ауылдық жерлерде сектордағы қызмет көрсету көлемі бір жылда 18,1% өсті, бірақ 1,5 млрд теңгеге ғана жетті. Бұл туралы Еnergyprom.kz жазды. 

Биыл қараша айында шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері айына 1,8% өсті. Бұл - кейінгі уақыттағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Биыл шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтеріне бағаның орташа айлық өсімі 1,4% болса, 2011-2021 жылдар аралығында ол небәрі 0,6%-ға жеткен.

Жыл басынан бері шаштараз және сұлулық салондарының қызметтеріне бағаның рекордтық өсімі байқалды – бірден 16,2%-ға.

Жаңа жылдық кештер мен басқа да мерекелер тойланатын желтоқсанда тағы бір антирекорд тіркеледі. Бұл да жылдық көрсеткіштерге теріс әсер етеді деп болжауға болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты