Еңбек министрлігі Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға квота бекітті

Сурет: pexels
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеті бойынша Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға квота мөлшерін бекітіп, бөледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,24%-ын немесе 22,2 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

2023 жылы ШЖК-ны жұмысқа тарту бойынша 4 санатта квота бөлінді:

"Бұдан басқа, 2023 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранттарды тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 3,2% немесе 296,7 мың бірлік мөлшерінде белгіленген", - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

2022 жылы жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге ШЖК тарту үшін 13,4 мың рұқсат берді және ұзартты, бұл қайта бөлінген квотаның 63,5% - ын (21,1 мың) құрады. 2022 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранттарын тартуға 300 мың квота белгіленді. Ал жергілікті атқарушы органдар 272 002 рұқсат берді.

Қазір Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 13 951 шетел азаматы жұмыс істейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі