S&P Қазақстанның кредиттік рейтингін "негативтен" "тұрақтыға" жақсартты

Сурет: pixabay
S&P Қазақстанның дербес кредиттік рейтингін растап, болжамды "негативтен" "тұрақтыға" жақсартты, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі "BBB-/А-3" деңгейінде Қазақстанның дербес кредиттік рейтингін растап, болжамды "негативтен" "тұрақтыға" жақсартты.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар – ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы теңгерімдері. Бұл ретте өтімді сыртқы активтерінің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына оң әсерін тигізеді.

S&P өз есебінде елдің фискалдық және сыртқы теңгерімдері тұрақты болып қала беретінін және Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жұмысындағы уақытша іркілістерге байланысты мұнай экспортының төмендеуінен туындайтын ықтимал әсерді жеңілдету үшін жеткілікті болатынын атап көрсеткен.

Сонымен бірге сарапшылар ҚР Үкіметі жүргізіп жатқан тиімді макроэкономикалық саясатты атап өтті. Нақтылай айтқанда, Үкіметтің макроэкономикалық саясаты инвестициялық бағдарламалар арқылы экономиканы әртараптандыруға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, мемлекеттің қатысуын қысқартуға, бәсекелестікті дамытуға, салық саясатын жетілдіруге, мемлекеттік сатып алу саласын реформалауға, сондай-ақ бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған.

Агенттік сарапшыларының пікірінше, мұнай емес сектордағы тұрақты өсім шетелдік инвестицияларды тарту бойынша қабылданып жатқан шаралармен де қолдау табады.

Жалпы S&P Қазақстан экономикасының 2023 жылы 4,1% және 2023-2026 жылдары орта есеппен 4%-ға өсуін болжайды.

ҚР Үкіметі инвестициялық сенімділік деңгейінде дербес рейтингті сақтау бойынша қарқынды жұмысты жалғастырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Темірлан Анарбековтың сейві "Қайратты" Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шығарды

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды

Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш жұмысшы қаза тапты