Ұлттық банк төрағасы сайлаудан кейін теңге құнсызданады деген ақпаратқа пікір білдірді

Сурет: Zakon.kz
Сенат отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов 19 наурызға белгіленген Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауынан кейін теңгенің құнсыздануы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалымжан Пірматов "ұлттық валюта жақын арада құлдырайды" деген қауесетті жоққа шығарды.

"Сайлау қарсаңында Ұлттық банк айырбас бағамына қандай да бір түрде әсер етіп жатыр" деген қауесеттердің бәрі шындыққа жанаспайды".Ғалымжан Пірматов

Ұлттық банк басшысы валюта нарығындағы барлық әрекетке: алтын-валюта резервтеріне интервенцияға, Ұлттық қор валютасын сатуға, басқа қорлардағы валюталық операцияларға қатысты ашық пікір білдіретінін айтты. 

Бұған дейін неліктен теңге әлсіреп, доллар өсіп жатқаны Ұлттық банкте айтылды.


Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

24 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды